"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі" КММ
0
Мектептің психологиялық қызметі

Мектептің психологиялық қызметі

 

Баланың балалық, ересек және жасөспірімдік шағында дамуы өте қарқынды түрде жүзеге асады, сондықтан мектеп психологы жұмысының өзектілігін бағалау өте қиын.

        

Білім беру іс-тәжірибесінде ғылыми жетістіктерді қолдану педагогтердің мектептің оқу-тәрбие үдерісін (бұдан әрі – ОТҮ) дербестендіру және саралау мәселелерін шешуіне септігін тигізеді.

 

Мектептің психологиялық қызметі – психологияны сараптаманың, кеңес берудің және диагностиканың кешенді міндеттерін шешуге іс-тәжірибелік тұрғыда қолдану.

 

Мақсаты: оқушылардың, тәрбиеленушілердің дербестігіне сай келетін және оқушылардың, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің), педагог қызметкерлердің денсаулығын сақтау мен тұлғасын дамытудың психологиялық жағдайын қамтамасыз етуші дамудың әлеуметтік жағдайын құруда басшылық пен педагогикалық ұжымға көмек көрсету; оқушылардың мамандық алуға, мансабын дамытуына, өмірде жетістікке жетуіне қажетті психологиялық білім, дағдылары мен машықтарын қалыптастыруға ықпал ету; өзінің қабілеттеріне, бейімділіктеріне, денсаулық жағдайына қарай оқушылардың өз мүмкіндіктерін анықтауына көмек көрсету; оқушыларды тәрбиелеуде, олардың өзара көмек көрсету, толеранттылық, мейірімділік, жауапкершілік және өзіне деген сенімі секілді ұстанымдарын, өзге тұлғаның құқығы мен еркіндігіне шек келтірместен белсенді әлеуметтік әрекеттестікке қабілеттілігін қалыптастыруда педагог қызметкерлерге, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) көмек көрсету.

      

Жұмыс бағыттары

 

  • Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу және баламен

жеке тіл табысу.

  • Сынып жетекшісіне көмек көрсету.
  • Отбасына психологиялық

көмек көрсету.

  • Кәсіптік бағдарлау жөніндегі жұмыстарды орындау.
  • Мінез құлығында ауытқушылықтары бар балалармен іс

шараларды ұйымдастыру; психикалық дамуындағы ауытқушылықтарды диагностикалау, алдын алу және түзету.

 

Мектептің психологиялық қызметі 3 негізгі қызметті атқарады: психологиялық диагностика (психологиялық ақпарат алу), психологиялық түзету (психологиялық ақпаратты енгізу) және психологиялық ағарту.

 

Тәрбие мен оқытуға қатысты барлық қатынастар барысында баланың алдап-арбау объектісі емес екендігін, керісінше ОТҮ-нің белсенді, шығармашылық әлеуетке ие субъектісі екендігін естен шығармау қажет.

 

         Мектептің педагог-психологының функционалды міндеттері.

 

  • Жалпы ережеде көрсетілген нормативтік құқықтық құжаттарды басшылыққа алады.
  • Нормативтік құжаттарға сүйене отырып құрылатын жұмыс бағдарламасының аясында оқушыларды психологиялық сүйемелдеу стратегиясын жүзеге асырады.
  • Педагогикалық кеңес пен мектеп басшылығына психологиялық қызмет бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері, мазмұны туралы ақпарат береді.
  • Өз жұмысында тек заманауи диагностиканың, дамытушы, психологиялық түзетуші және психологиялық алдын алу жұмыстарының тек психологиялық әдістерін қолданады.
  • Педагог-психолог жұмысы бағдарламасының аясында ОТҮ мен кәсіби қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша  педагогикалық ұжымға, ата-аналарға, оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді.
  • Мәселелерді қарастырады және қатаң түрде өзігің кәсіби құзыреттілігінің шегінде шешімдер қабылдайды.
  • Педагог-психологтың құзыреттілігіне кірмейтін белгілі көрсеткіштерді анықтаған жағдайда сәйкес құзыретті мекемелерге жолдайды.
  • Медициналық біліктілікті талап ететін әдістерді қолданбайды (гипноз, фармакологиялық құралдар және т. с. с.).
  • Психологиялық ғылымның қазіргі жағдайына байланысты орыдалмайтын, сонымен қатар басқа мамандық өкілдерінің құзыреттілігіне жататын мәселелерді шешу міндетін алмайды.
  • Жалпы психология ғылымының жаңа жетістіктерін біледі, іс-тәжірибелік психология саласында үдемелі формаларды, әдістерді қолдану және озық тәжірибелерді тарату негізінде жұмысты ұйымдастырады.
  • Педагогикалық ұжымның кәсіби және тұлғалық дамуы, қызметкерлердің бастамашылдығы мен еңбек белсенділігін дамыту үшін ағарту жұмыстарын жүргізеді.
  • Аттестаттау комиссиясына аттесталушы қызметкерлердің педагогикалық қызметі мен әлеуетті мүмкіндіктерінің психологиялық талдауын ұсынады.
  • Қызметкерлерді қарқынды психологиялық бақылауды ұйымдастырады (тұрақты қайталама тестілеу, тұрмыс пен жұмыстағы нақты іс-әрекеттерді талдайды және т. б.) және осы бақылаудың нәтижелерін қызметкердің жеке карточкасына тіркейді.
  • Оқу орнында диагностикалық, психологиялық түзету және сәйкес кәсіби дайындығы жоқ құзыретті емес тұлғалардың психология мәселелері бойынша басқа да жұмыстарды өткізуіне кедергі келтіреді. 
  • Оқу және тәрбие жұмысына, педагогикалық кеңес және оқу орнының басшысы қабылдайтын шешімдерге, сонымен қатар ОТҮ ағымдағы жағдайына тұлға мен оқу топтарының ұжымдарын дамытудың психологиялық негізділігі мен іс-тәжірибелік тиімділігіне талдаулар жүргізеді.
  • Жұмыс деңгейін, қабылданатын шешімдердің психологиялық негізділігін (сарапшы психологтың жеке бірлігі болғанда) көтеру жөнінде оқу орнының басшылығына, жеке қызметкерлерге ұсыныс жасайды.
  • Білім беру ұйымы қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесін қолданудың оңтайлы әлеуметтік-психологиялық жағдайын қамтамасыз етеді.
  • Оқытушылармен бірге оқушылардың оқу орнының өміріне бейімдеу жөніндегі ғылыми-негізделген бағдарламалар әзірлейді және оларды жүзеге асыруға қатысады.
  • Педагогикалық ұжымды зерттеулер мен түзету-дамыту іс-шараларын жоспарлау нәтижелері туралы ақпараттандырады.
  • Педагогикалық ұжымның, консилиумдердің, комиссиялардың жеке тұлғаларға қатысты шешім қабылдауына негіз болатын диагностикалық құжаттаманы жүргізеді және сақтайды. Қалған құжаттаманы ерікті формада жүргізеді және сақтайды.
  • Бекітілген форма бойынша жұмыстың барлық түрлерін тіркеу жазбасын жүргізеді. Атқарылған жұмыс туралы ақпаратты педагог-психологтың жұмыс бағдарламасында белгіленген мерзімде жоғары тұрған органдарға тапсырады.
  • Мектепте сараптамалық алаң болған жағдайда осы сараптаманы психологиялық тұрғыдан сүйемелдейтін жеке педагог-психолог қажет.