№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі КММ
0
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

Құрметті әріптестер!


Сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі  - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен құттықтаймыз!!!

Бұл күн ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себетін асыл жансыздар!

Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елімізге ырыс-құт, береке дарысын!

Әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілейміз!

 

Ізгі тілекпен: 

 №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі әкімшілігі