№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі КММ
0
"Ақтөбенің көрікті жерлері"

22 ақпан күні мектептің акт залының дәлізінде Ақтөбенің 150 жылдық мерейтойына арнайы жасақталған ерекше көрмелер ұйымдастырылды. Олар: "Ақтөбенің көрікті жерлері" тақырыбындағы қолөнер бұйымдары атап айтқанда, макеттер көрмесі және "Ақтөбем - әсем қалам, ару қалам!" кітаптар мен құнды басылымдар жинақталған кітап көрмесі еді. Келген қонақтар мектеп басшысымен көрмені тамашалап, балалар өнеріне ерекше тәнті болса, кітап көрмесінен түрлі маңызды баспа басылымдарды көріп таңырқап жатты.