№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі КММ
0
"Мәңгілік ел қаласы - Ақтөбем"

Кеше, 22 ақпан күні мектебімізде сүйікті қаламыз - Ақтөбенің 150 жылдық мерейтойына арналған "Мәңгілік ел қаласы - Ақтөбем" тақырыбында мерекелік кеш өтті. Кешке Ақтөбе қаласының ардагерлер кеңесінің мүшесі Муханбеткалиева Бибигуль Қыдырғалиқызы, Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері Бакешова Айгүл Нартайқызы және Жалғасбаев Нұржігіт Залзерұлы, "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бас маманы Бектенгалиев Серік Аскарович сынды құрметті қонақтар шақырылды.


Сондай-ақ, мектебіміздің Қамқоршылық кеңес мүшелері: Ералиева Гүлжазира Клышбековна, Бошпанова Айгүл Абжановна және Сағындықова Лаура Тлектесқызы аталмыш мерекелік керемет кештің куәгерлері болды. Білім алушыларымыз келген қонақтарды қошеметпен қарсы алып, ілтипат білдірді. Кеште Ұлы даланың жеті қыры тақырыбында түрлі қойылымдар қойылып, онда Алтын адам, аң стилі, металлург бейнесі сондай-ақ, атқа міну мәдениеті көрсетілді. Туған өлкесіне толғана жыр шумақтарын арнаған дарынды оқушылар арнау өлеңдерін оқып, күміс көмей талантты білім алушыларымыз әннен шашу шашты. Кеш соңында балалар өнеріне тәнті болған қонақтар қауымы сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдіріп, алғыс айтты.