"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі" КММ
0
Дұрыс тамақтану туралы ақпарат

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ДҰРЫС ТАМАҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.

    
Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.

                          ТАМАҚТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫНЫҢ БЕС НЕГІЗІ:


1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);

2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);

3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;

4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;

5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.

 

ТАМАҚТАНУ ТӘРТІБІ

Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді.

  • Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.
  • Екінші, тәулігіне бір — екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.
  • Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер — диоьологтың да кеңесі артық болмай

  

ТАМАҚТАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Аштық – «табиғаттың дауысы», немесе, асқазан тамақ қажет етеді деген ұғымі. Бұл қағида тамақ ішетін уақыттың келгендігін білдіреді. Ертеректе тамақ ішетін кесікті бір кесте, уақыт жоқ – тын. Адамда тамаққа деген тәбет пайда болғанда ол өзінде ауыз бен өңешінің барын сезінеді. Ал, асқазандағы бұлшық еттердің жұмылуы аштық пен тәбеттің ашылғанынан хабар береді.

       
Тәбет дегеніміз – аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда, тамақ қабылдау мезгіліне, тағамның түрі, дәмі немесе иісі, түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады. Адамның тәбеті шылымға, кофеге, шайға, апиын, ішімдік, тағы басқаларына ашылатын көрінеді. Бірақ, мұндай физиологиялық қажеттіліктен аулақ болған дұрыс. Асқазан  ішілген тамақтан шамамен 4 сағат шамасында босайды, сол себепті тамақ ішудің  арасы 3-3,5 сағаттан кем және 4-4,5 сағаттан аспасын.

       
Тамақты жиірек ішкен сайын  асқазан –ішек жолдары жұмысының ырғағы бұзылады. Егер тамақ ішу аралығында үзіліс өте үзаққа созылып кетсе, онда күшті ашығу сезімі туындайды және оны қанағаттандыру үшін көп тамақ ішу қажет болады, бұл да асқазанның қорытуын киындатады.

       
Таңертеңгіліқ ас қою, тығыз болсын; түскі аста негізгі тамақ қабылданады; кешкі ас калориялығы жөнінен таңертеңгіліқ  аспен бірдей болып ұйқыға кемі 1,5-2 сағат қалғанда ішілуі керек. Тамақты өте жәй, ұйықтар алдында қабылдау зиянды, ол ұйқыны қашырады, ас қорытуды қиындатады, май жиналуына себепші болады.

       
Кейде үйықтар алдында бір стакан айран ішкен пайдалы. Бұл ретте кешкі ас жеңілдеу болғаны жөн.

      
Дұрыс құрастырылған тамақтану рационының құрамында сұйықтың  жеткілікті көлемі болады. Дегенменде денеге  елеулі  ауырлық түскенде, жорық күндері ,жазда сүйық-сусынның қажеттілігі артады , өйткені тер бөлінуі күшейеді де, ағзаның сұйықты қажет етуі көбейеді.

          
Шөлді қайнаған су, шәй ішіп басу керек. Лимонадты, газдандырылған суды және құрамында қанты бар өзге де сусындарды  шектелген көлемде қабылдау керек.


Ет немесе  балық, сүт, жеміс- жидектер, нан секілді  тағамдар күн  сайынғы ас мәзіріне, ал өзге – қаймақ, жұмыртқа, сүзбені күнде емес етіп ас мәзіріне қосу керек , бірақ бұлардың  бәрі де апталық рационда болуы керек.