"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Мектеп директоры


Амитжанова Индира Базаралиевна

 

 

Амитжанова Индира Базаралиевна 1976 жылы 15 наурызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. 

1991 жылы Қызылорда облысы, Жаңа-Қазалы поселкесінің В.Счастнов атындағы №16 мектебін тамамдап, 1991-1995 жылдар аралығында Ақтөбе қаласы, А.Жұбанов атындағы музыкалық училищеде оқыды.

1995-1999 жыл аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Университеті, педагогика факультетінің музыка бөлімінде оқыды. Мамандығым бойынша музыка пәнінің мұғалімі.

1995-1996 жылдар аралығында Ақтөбе қаласы, Қазанғап атындағы өнер мектебі, домбыра класының мұғалімі.

1996-2001 жылдар аралығында Ақтөбе қаласы, №38 орта мектепте аға тәлімгер.

2001-2003 жылдар аралығында Ақтөбе қаласы, №30 орта мектепте аға тәлімгер.

2003-2011 жылдар аралығында Ақтөбе қаласы, №30 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2011 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі таңға дейін Ақтөбе қаласы, №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің директоры.