"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Әлеуметтік педагог

 

Жасанова Батима Қуантайқызы

 

Жасанова Батима Қуантайқызы, 1960 жылы 4 қыркүйекте Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген.


1975 жылы Шахта орта мектебін тамамдап, 1975-1979 жылдар аралығында Ақтөбе педагогикалық училищесінде «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш кластарын оқыту» мамандығы бойынша оқыды.

1982-1987 жылдары Ақтөбе педагогика институтының орыс тілі мен әдебиеті ұлт мектебінде факультетін сырттай оқып тамамдады.


1979  - 1993 жылдар аралығында,  №6 орта мектепте және №32 мектеп-гимназиясында бастауыш класс мұғалімі болып, 1993-1998 жылдары №32 мектеп-гимназиясы мен №43 негізгі мектептің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.


1990 жылдары К.Ерешова атындағы Республикалық атаулы мектебінің мүшесі бола жүріп, республика көлемінде өткізілген семинарларда баяндамалар жасады, республикалық «Бастауыш мектеп» журналында бірнеше мақалалары жарық көрген.


1999 жылдан №8 мектепте орыс кластарында қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады.


2003 жылдан бастап осы уақытқа дейін №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде әлеуметтік педагог және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін қатар алып жүрген жан.