"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі" КММ
0
Мектеп директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары


             

 Уразалина Гульзия Шолтаевна

 

Уразалина Гульзия Шолтаевна, 1970 жылы 12 ақпанда Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Темір қаласында дүниеге келді.

1977-1987 жылдары Темір қаласы С.Бәйішев атындағы қазақ орта мектебінде білім алған.

1987 жылы Ақтөбе қаласындағы облыстық ауруханада санитарлық қызмет атқарды.

1988-1993 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын математика, информатика және есептеу техникасы пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша тамамдады.

1993-1995 жылдары Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназиясында математика-информатика пәндерінің мұғалімі болып жұмыс жасады.

1998 жылдан бастап, Ақтөбе қаласы, №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде математика-информатика пәндерінің мұғалімі.

2007 жылдан бастап мектеп директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін қатар атқарып келеді.

Информатика пәні бойынша жоғары санаттағы ұстаз.