№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі КММ
0
Мектеп тарихы

«№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ

 

Мектеп тарихы

 

         «№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ 1980 жылдың қыркүйек айында №8 орыс орта мектебі болып құрылды.

        7 шілде 1995 жылғы №300 бұйрығы негізінде 01 қыркүйек 1995 жылдан бастап №8 орыс орта мектебі жанынан рет саны 39 болатын қазақ бастауыш мектебі болып ашылды. Ақтөбе қаласының Әкімдігінің 2003 жылдың 8 шілдесі №874 қаулысы негізінде, Ақтөбе білім басқармасының 1 тамыз 2003 жылғы №257 бұйрығы бойынша №8 орта мектебі №39 орта мектепке қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

        2 шілде 2008 жылғы мектеп ғимаратының техникалық паспорты бойынша жалпы деректері:

* ғимараттың салынған жылы – 1980 жыл

* ғимарат жобасы - типтік

* сыйымдылығы - 1200

* қабаттар саны – 3

* құрылыс материалы - ірі блок

* жалпы алаңы – 10489, 2

* пайдалы алаңы – 7595,5

 

       Әкімшілік штат кестесі бойынша мектеп директоры – 1, мектеп директорының орынбасарлар – 4, шаруашылық жөніндегі орынбасары – 1, мектеп бухгалтері – 3.

       Мектеп кадрлармен толық қамтамасыз етілген. Жаңа оқу жылын мектеп 962 оқушымен, 37 класс комплектімен бастады. Мектепте 41 оқу кабинеті бар. Мектепте спорт зал, асхана, медициналық кабинет, техникамен жабдықталған арнаулы кабинеттер, логопункт, психолог кабинеті, өзін-өзі тану кабинеттері бар. Мектеп бес күндік оқу режиміне көште, сабақ ұзақтығы – 40 минут. Мектепке Лесной елді-мекенінен 126 оқушы мектеп автобусымен тасымалданады.

 

        Кадрлар құрамы тұрақты және жоғары білімді мамандар педагогикалық ұжымның 95%-ын құрайды. Мұғалімдердің барлығының педагогикалық білімдері бар.

        Мектептің әдістемелік жұмысы әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестіктер,  жас мамандар мектебі, озат тәжірибе мектебі, «Бастау» ОҒҚ орталығы негізінде жүргізіледі.

         Оқу-әдістемелік жұмыс мақсаты - оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтар мен озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, жинақтау, тарату, педагогтардың кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру. Әдістемелік жұмыс жоспары мектептің жылдық жоспарымен байланыстырыла төмендегідей бағыттарды қамтыды:

  1. Әдістемелік кеңес
  2. Семинар,апталықтар, ашық сабақтар, кластан тыс шаралар
  3. Жаңашылдық жұмыстар
  4. Педагогикалық іс-тәжірибелерді тарату, жинақтау. Өз білімдерін жетілдіру.
  5. Жас мамандармен жұмыс
  6. Дарынды балалармен жұмыс
  7. Аттестация
  8. Оқу үрдісіндегі әдістемелік шаралар.

Мектепте 9 әдістемелік бірлестік жұмыс жасайды: қазақ тілі ӘБ, шет тілі ӘБ, орыс тілі мен әдебиеті ӘБ, математика, физика, информатика ӘБ, жаратылыстану ӘБ, эстетикалық пәндер ӘБ, дене шынықтыру ӘБ, бастауыш сынып ӘБ, тарих, құқық ӘБ.

 

 

 

        Мектептегі психологиялық қызмет:
1.     Диагностикалық жұмыс.
2.     Психологиялық кеңестер беру, психотренинг жұмыстары.
3.     Оқушы, ата-ана, мектеп ұжымы арасындағы қарым-қатынасын айқындау.

  1.      Әлеуметтік жағынан тұрмысы нашар отбасылар және балалармен құқық бұзушылық пен қауіпсіздіктің алдын-алу бойынша жұмыстар.
  2.      Дарынды оқушыларды айқындап, дамутышылық жұмыстарын жүргізу.
  3.      Мектепке қабылданатын оқушыларға психологиялық зерттеу жұмыстары.
  4.      Мұғалімдердің кәсіби бағытта және адамдық ерекшеліктерін анықтау.
  5.      Класс жетекші және тәрбиешілерді психологиялық жұмыспен қамту.
  6.      Әкімшілікпен жұмыстарды жүйелі жүргізу.
  7.      Жүргізілген жұмыстар бойынша жылдық мониторинг шығару.

 

         Мектепте әлеуметтік қолдауды қажет ететін және тұл жетім, жартылай жетім оқушыларды қолдау және оқу тәрбие саласы бойынша басқада мәселелерді қолдау мақсатында қамқоршылық кеңесі жұмыс жасайды